- Advertisement -

Тыныштық бергін әлемге!

107

- Advertisement -

Құр қалма, бауырым, нәсіптен,
Жаңа жыл енді есіктен.
Жұмбағы мол біздерге,
Жас сәби енді бесікпен.

Ақ нұры көктен себелеп,
Сұлулық келді керемет.
Арылтып ойдан бір ауыр,
Қуаныш берді не керек.

Жаңа жылым – жас сәби,
Күтерім сенен көп менің.
Беймаза, жұмбақ уақыттың,
Ертерек әкел көктемін.

Қуаныш бергін баршаға,
Тыныштық бергін әлемге!
Ізгілік пенен мейір бер,
Молшылық бергін бар елге!

Бақ құсын қондыр қонбаған,
Той-думан бергін дүбірлі.
Үй болған әрбір отауға,
Сәби бер үбір-шүбірлі!

Рысқали ӨМІРЖАНҰЛЫ.
Қаламаңы ауылы,
Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support