- Advertisement -

Иманды елдің игілігі мол

75

- Advertisement -

Облыс бойынша 280 мешіт бар болса, бұған қоса 16 мешіт салынды. Жыл басынан бері 22 мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы «Һибатулла Тарази» медресесіне 38 шәкірт қабылданып, одан бөлек 33 шәкіртті өзге облыстардағы медреселерге жібердік. Астана қаласындағы «Нұр-Мүбарәк» университетінде білім алып жатқан 42 шәкірттің 7-еуі – осы «Һибатулла Тарази» медресесінің биылғы түлектері. Жергілікті медрессені осы жылы тамамдаған16 түлектің 6-ауы ауыл мешіттеріне жіберілді. Биыл 10 имам білімін жетілдіру арнайы курсынан өтті. Ал облыс бойынша 83 мешітте ашылған сауат ашу курстарында облыс бойынша 3718 адам білімін жетілдірсе, жаздық сауат ашу курсында 2389 ұл, 427 қыз білім алды. Сондай-ақ, имамдардың білімі толыға түсу үшін өңірімізден 22 діндардың Ислам институтына жолданып, 1 имамның Түркиядан білімін жетілдіріп қайтуы имандылық бағытындағы жұмысымыздың жемісі деп санаймын.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жастар ісі бөлімінің облысымыздағы өкілдігі биыл жергілікті басқару органдары, жоғары және арнаулы оқу орындарымен бірлесе отырып, бірнеше діни тұрғыда конференция, «дөңгелек үстел» мен семинарлар өткізді. Бірқатар мерекелік іс-шаралар мен қарттарға қамқорлық көрсету және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.
Осы жылдағы дін саласындағы айтарлықтай жетістіктің бірі – жат ағымға байланысты түсіндіру жұмыстары мен тегеурінді уағыз-насихаттың арқасында теріс түсінікте жүрген 51 адам ханафи мазһабына оралып, дәстүрлі дін талаптарын толық түсінді.
Облыс тұрғындарына имандылық тұрғысынан бағыт беруде мақсатты жұмыстар алда да үздіксіз жалғасын табатын болады. Әсіресе, жастардың дін саласында білмегенін мешіт имамынан сұрауы қоғамдағы және көптеген отбасындағы келеңсіздіктердің алдын алатыны анық.

Данияр Жұмабаев,
облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің
бас имамы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support