- Advertisement -

Үкіметтік емес ұйымның үлесі

138

- Advertisement -

Майра ӘЛІМ,
«Зиялы заман» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру әрі оның дамуына барынша қолдау көрсету – Елбасы Жолдауынан туындаған міндет. Осы мақсатта, қазір облысымызда ауқымды істер атқарылуда. Жыл сайын бөлінетін қаржы көлемі де көбейіп келеді. Яғни, бұл – өңірде үкіметтік емес ұйымдардың мұрындық болуымен игілікті істердің қатары артқандығын дәлелдейді. Бүгінде облысымыздағы Үкіметтік емес ұйымдардың істеген жұмыстары нәтижесіз де емес. Қоғамдық бірлестіктер барлық салада белсенділік танытуда. Әсіресе, тарихымызды танытуда және ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуда еш аянып қалмауда. Сондай ұйымның бірі – «Зиялы заман» қоғамдық бірлестігі.
Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толып отыр. Осыған орай бірлестігіміздің мұрындық болуымен тарихымызға зер салып, зерделеу, жастарға Ата Заңның мемлекеттің дамуы жолындағы рөлі туралы түсіндіру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілді.
Атап айтсақ, жастардың құқықтық білімдерін тереңдету, құқықтық сауаттылыққа баулу мақсатында үстіміздегі жылы жастар арасында «Ата Заңым – азат елдің айбары» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылса, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен шара барысында Конституциямыздың зайырлы мемлекет заңдарының бағдары екендігі айтылып, келелі әңгіме қозғалды. Этноорталықтарының басшылары, жастар, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен қалалық Мәдениет үйінде «Конституция – кемел келешектің кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция барысында Қалалық ардагерлер кеңесінің жастар тәрбиесі жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М. Тоқсабаев «Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Л.Кудлай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адам өмірінің құқығы мен бостандығының кепілі», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Е. Баярисов «1995 жылғы Конституция және Қазақстандағы Президент билігі», Жамбыл политехникалық колледжінің «Құқықтану» пәнінің оқытушысы Р.Тұрлыбекова «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Мемлекетіміздің негізгі Заңы» тақырыптарында ғылыми мәселелер көтерді.
Сондай-ақ, табиғат бөлімі мен тарих кезеңіндегі «Ежелгі түрік жазбалары және ежелгі түрік тас мүсіндер мұражайы» экспозициясына қуғын-сүргінге ұшырап, соғыстың басында Қазақстанға жер аударылған бірегей суретші Л.В.Брюммердің шығармашылығына арналған сурет көрмесі өткізілді.
Жуырда бірлестіктің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Ата Заңымыз ғұмырлы болсын!» атты «дөңгелек үстел» өтті. Басқосуда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау шақта Конституциямызды ұлтаралық татулықты сақтауға негіз болғаны, бүгінгі ел жетістіктері Елбасының ерен еңбегінің, көреген саясатының жемісі екендігі жайлы келелі әңгіме қозғалды.

Тараз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support