- Advertisement -

Жамбылдық Желаяқтар жарысы

83

- Advertisement -

Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз қаласының тұрғындары арасында жеңіл атлетикадан желаяқтар сынға түсті. Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Тараз қаласы әкімдігі бірлесіп өткізген шараға көпшілік қуана ат салысты. Бұл күні қаланың жүзге жуық тұрғыны ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан орталық «Достық» алаңына дейінгі аралықты жүгіріп өтті. Шара барысында жас айырмашылығына қарай (әйелдер және ерлер арасында) жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Әйелдер арасында 18-45 жас бойынша Айдана Дәулетова жеңімпаз атанса, Рима Франгян, Сәбина Арсланова екінші, үшінші орындарды иеленді. 45 жастан асқан әйелдер арасында Татьяна Перепелица, Нұргүл Ахметхаева, Татьяна Подолбьская жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ерлер арасында (18-45 жас) Сергей Борисенко, Серік Әзімбаев, Ескендір Ходжаев мәре сызығын өзгелерден бұрын қиып, жүлделі орындарды өзара бөлісті. Ерлер арасында (45 жастан жоғары) Жанғазы Елемесов алдына жан салмады. Ал Махамбет Аманжолов пен Ерлан Садабаев жүлдегерлер арасынан табылды. 15 жасқа дейінгі қатысушылар арасында қатарластарынан озып келген Ельхам Еркебаев «Ең жас үздік спортшы» аталымын иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жолдасбеков марапаттап, медальдар мен дипломдар табыс етті. Сондай-ақ, ол көпшілікті еліміздің Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, Есет Досалы, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support