Эстефан Головкин мен Лемье жекпе-жегінің қалай өтетіні жайында айтып берді
Эстефан Головкин мен Лемье жекпе-жегінің қалай өтетіні жайында айтып берді
Давидтің менеджері Эстефан Лемье мен қазақстандық боксшы Головкин арасындағы жекпе-жектің қалай өтетіні жайында айтып берді, — деп хабарлайды Vesti.kz Tvasports.ca басылымына сілтеме жасап.
«2005 жылғы Артуро Гаттиден кейін Давид Madison Square Garden-де жұдырықтасатын бірінші квебектік болады. Головкин мықты боксшы, одан көп проблема күтуге болады. Бірақ Давид сондайды жақсы көреді», — дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер барысында олар екі түрлі аспектіге назар аударған: бокстың өзі және жекпе-жек үшін гонорар.
«Біз дайын едік, бірақ қаржы мәселесін шешіп алу керек болды. Ақырында ұсыныс біздің көңілімізден шықты. Головкин — әлемдегі ең үздік бестіктің қатарына кіретін боксшы. Давид онымен жұдырықтасуға дайын деп нық сеніммен айта аламын. Бұл жекпе-жек Лемьені мансап жолында келесі деңгейге көтеруі мүмкін және біз Нью-Йоркке жеңіс үшін барамыз. Бұл керемет кездесу болады. Головкин мен Лемье — жекпе-жекті нокаутпен аяқтауды әдет қылған жігіттер, олар бұл кездесуде бар күштерін салады. Бәрімізді естен кетпес шоу күтіп тұр», — деді Эстефан.
Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ.
Comments are closed.