- Advertisement -

Шымкентте қызметкерін өлімші етіп сабаған жігіт ұсталды

100

- Advertisement -

pogudx32p5vrorl5cg.ec9e15a9Шымкентте басшысымен бірге қарамағындағы қызметкерлерді өлімші етіп ұрған бизнесменнің көмекшісі ұсталды деп хабарлайды арнасы.

«Дефиле» киім дүкендері  желісінің басшысы Бақытбек Нұрманов пен оның көмекшісі Мақсат Мәдиев сатушылар мен күзетшілердің мойнына қарыз іліп, онысын жұдырықтың күшімен өндіріп келген.

Бұл сорақылықтың беті мамыр айында ашылған болатын. Бутиктердің бірінде әкімші болып істейтін Тахир Тахтаходжаев 5 күн бойы қос бастығынан қорлық көріп, әзер сытылып шыққан.

Артынша осы екеуінен жәбір көрген тағы 4 қызметкер полиция шағымданды. Оларға да дөрекі басшы мен қосшысы жоқ ақшаны ұрладың деп ұрған. Қысымға шыдамаған біреуі тіпті несие алып, оны бастығының қолына ұстатыпты.

Кәсіпкердің өзі бірден қамауға алынса, жандайшабы із жасырған еді. Сөйтсе, Мақсат Мәдиев 3 ай бойы жалдамалы пәтерде бой тасалап жүрген екен.

32 жастағы жігіт те енді басшысымен бірге ұзақ уақыт бойы бостандық көрмейтін сыңайлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support