- Advertisement -

British Airways әуе компаниясы Қазақстанға ұшпайтын болды

50

- Advertisement -

photo_19187Ұлыбританияның ұлттық әуе тасымалдаушысы British Airways енді Қазақстанға ұшпайтын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы рейс Лондонның Хитроу әуежайынан 11 қазанда ұшып шығады, ал 12 қазанда Алматыдан кері қайтады. British Airways компаниясындағылардың айтуынша, рейс қаржы жағынан тиімсіз болғандықтан жабылғалы жатыр.

Әуе компаниясы кешірім өтінді. «12 қазаннан кейінгі күндерге билет сатып алып қойғандарға ақша толықтай қайтарылады. Егер билеттер туристік агенттіктер арқылы алынса, олармен тікелей байланысуға болады», — деп жауап берді компаниядағылар Tengrinews.kz сауалына.

Айта кетейік, енді Астанадан Лондонға дейінгі тікелей рейс Air Astana арқылы жүзеге асады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support