- Advertisement -

Алматыда қымбат көліктерді өртеушінің видеосы желіде пайда болды

60

- Advertisement -

Алматыда қымбат көліктерді өртеуші бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Қылмыскердің әрекеті түсіп қалған видеоны -ке пайдаланушы Дмитрий Голубинский жіберген.

Порталдың мәліметіне сәйкес, өртеуші Toyota Land Cruiser көліктерін жоюға әуестенген: өткен айда бұл маркылы 4 көлік пен бір Toyota Sequoia өртке оранған.

Екі көлікті қылмыскер Жамбыл көшесінің бойында 6 шілде күні өртеген. 8 шілдеде үшінші көлік Брусиловский көшесінде өртелінді. Сонымен қатар Тургут Озал көшесінде Toyota Sequoia-ға да өрт қойылған.

Соңғы өртті 14 шілде күні Сәтбаев көшесінде ұйымдастырған қаскөй камераға түсіп қалған. Бұл жолы өртеуші Toyota Land Cruiser Prado 150 көлігін өртеп жіберген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support