- Advertisement -

«Оқжетпеске» «оғымыз» жетпеді

100

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер лигасының оныншы туры аясында жерлестеріміз «Тараз» футбол клубы өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубын қабылдап, турнир кестесіндегі «көршілерімен» ұпай бөлісті.
Алаңда қос команда да алма-кезек шабуыл жасай білді. «Тараз» ойыншылары да ә дегеннен іске кірісіп, қарсыластың айып алаңына әуелете пастар асырды. «Оқжетпес» те қарап қалған жоқ. Сәті келгенде қорғаныстан шабуылға жедел шығып жатты. «Тараз» көздеген мақсатына жетіп, ойынның 14-минутында жылдам гол соға алды. Алайда, араға он жеті минут салып барып, бір кездері «Тараз» жейдесін киген Әлібек Бөлешов таразы басын теңестіріп кетті. Осы ойында «Оқжетпес» командасының қақпасын дәл көздеген жас ойыншы Абзал Таубай жарақат алғанын да айта кету керек. Осылайша «Тараздың» «Оқжетпеске» «оғы» жетпей, тең нәтижені қанағат қылды. Енді бірінші айналымның соңғы турында «Тараз» «Ертіспен» ойнайды. Павлодардан жерлестеріміз жеңіспен оралар деген үміт бар.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support