- Advertisement -

Ақ бата!

101

- Advertisement -

Құтты болып қой жылы,
Жарқын болсын жүзіміз,
Жақсылыққа бастасын
Әрбір атқан күніміз.
Берекелі ел мерейлі,
Мереке күн көбейді.
Шаңыраққа құт қонып,
Керегеміз кеңейді.
Өсе бер өніп, өркендеп,
Біздерден тілек сол болсын!
Той-думанды мерекем,
Қазақ жері кең екен.
Барлық ұлттар бас қосқан
Мейірімді ел екен.
Осындай күнге жеткізген
Елбасымыз Нұрекең!
Баса көктеп жайлауға
Бөтен көштер қонбасын!
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын!
Періштелер қорғасын,
Қыран қонған көк туым,
Күнге сәлем жолдасын.
Нұрсұлтандай дарабоз
Бастаған ісін жалғасын.
қанаты әркез талмасын,
жамандық елде болмасын.
тірлікті алла оңдасын,
үміт гүлі солмасын.
Нұрлы жолмен елімнің,
ырысқа толтыр ордасын.

Бейсенбек Асқаров,
еңбек ардагері.

Рахат ауылы,

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support