- Advertisement -

Жәрмеңкеге жұрт риза

102

- Advertisement -

«Автокеруен – 2015» аталатын, жыл басынан аудан-ауданды аралап, ауыл халқын арзан азық-түлікке қарық қылған жәрмеңке Тараз қаласында осымен екінші рет ұйымдастырылды.

8 9 10 11Азық-түлік бағасын тұрақтандыру және дағдарыс жағдайында жұртшылықтың қалтасына ауыртпашылық түсірмеу мақсатында облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан бұл игі іс барлық аудан мен қала тұрғындары тарапынан қолдауға ие болып, ел көңілінен шыққан еді.
Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан облыс әкімдігінің тұрақтандыру қорына қарасты коммуналдық базарды бетке алған Тараз қаласының тұрғындары қап-қабымен қажетті азығын алып жатты. Наурыз айының 23-24-і күндері қатарынан өткен жәрмеңке жұртшылықты бір жарылқап тастағаны анық. Онда халық көп тұтынатын әлеуметтік азық-түліктің барлық түрі арзандатылған бағамен саудаға түсті. Айта кетерлігі, мұнда барлығы дерлік отандық тауар өндірушілердің өнімі ұсынылды.
Саудаға жалпы құны 6 миллион теңгенің тауары шығарылып, оның тең жартысы өткерілді. Олардың қатарында 10 тонна картоп, 5 тонна пияз, 2 тонна сәбіз, 5 тонна сиыр және қой еті, 1 тонна қызылша және 3000 дана жұмыртқа бар.
– Халықтың қамын ойлаған азаматтардың бұл жәрмеңкені жүйелі түрде өткізіп тұрғанына ел үйрене бастады. Енді қашан болады деп күтіп жүретініміз рас. Өйткені, мұндағы тауарлар, ең бастысы, өзіміздің елде өндірілген табиғи таза әрі бағасы анағұрлым арзан. Мысалы, өзге сауда нүктелерінде 100 теңгеден сатылатын картоп мұнда небәрі 65 теңгеден. Басқа азық-түлік өнімдері бағасы да сол секілді. Игілікті істің жалғасын таба бергенін қалаймыз және ризашылығымызды білдіреміз, – дейді қала тұрғыны Айткүл Жұманазарова.

Маржан РАҚАЙ,
«Ақ жол».

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support