- Advertisement -

«Тараз» маусымды тең ойынмен бастады

79

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер-лига­сының жаңа мау­сымы басталды. Мау­сым­ның шымылдық түрер ойы­нында өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабыл­даған «Тараз» футбол клубы қарсыластарымен ұпай бөлісті.

Бірінші тур болған соң қос команда да ойын барысында өздерінің бар мүмкіндіктерін көрсете алған жоқ. Дегенмен, «Тараз» сапындағы украиналық легионер Александр Пищур айып алаңына әуелете асырған Тимур Досмағамбетовтің пасын кәдесіне жарата алмады. Оң жақ бұрышқа допты шегелеп бағыттауын бағыттады. Алайда, кеншілердің қақпашысы Александр Заруцкий теңбіл допты саусағының ұшымен қайтарып үлгерді. Өз кезегінде кеншілердің шабуылшысы Андрей Финонченко да ұрымтал тұста мүлт кетті. Қақпашы Александр Григоренко допты қақшып ұстап алды. Екінші кезеңде «Тараз» футболшыларында екі бірдей тамаша мүмкіндік болғанымен, ойында есеп ашылған жоқ. Қос команда таблодағы көрсеткішті өзгерте алмады. Бірінші турдан кейін «Қайрат» доп айырмасымен көш тізгінін қолға алды. Олар қостанайлық «Тобылды» 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Алматылықтардың сапында Жерер Гоу хет трик авторы атанды.

Бет қатталып жатқанда:
Екінші тур аясында сырт алаңда «Атыраумен» кездескен «Тараз» футбол клубы қарсыластарына 2:1 есебімен есе жіберді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support