«Жайдарманның» жаңа маусымы басталды

«Жайдарманның»  жаңа маусымы басталды
ашық дереккөз
«Жайдарманның» жаңа маусымы басталды

4«Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімдігі жастар саясаты мәсе­лелері басқар­масы және «Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих маусымы» тақырыбында облыстық «Маусымашар-2015» ойыны болып өтті. Өңірдегі мектептер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан жиналған командалар жайдарманның «маусымын» ашып, биылғы ойындарды бастап кетті. Жалпы саны 24 команда қатысып, өнерлерімен көрермен көңіліне жол таба білді. Олар шымшыма әзілдерімен, уытты тілдерімен залға жиналған жұрт­шылықтың назарын өздеріне аударды. Көне дәуірлермен астастыра айтылған әзілдері бүгінгі күннің келбетін де көз алдымызға елестетті. Бір сөзбен айтқанда, жаңа маусымның тұсауы сәтті кесілді. Жалғасы жарасымды жаңа дүниелермен толыға берсін!

Айнұр Әбиірбек, ТарМУ-дың студенті.

Ұқсас жаңалықтар