- Advertisement -

Мен әйелмін

270

- Advertisement -

Мен әйелмін,
Жанымда қырық шырақ,
Ешкімге де бармаймын үміт сұрап.
Саналыға салмағы батпан өмір,
Ақымаққа, шіркін-ай, қызықтырақ.

Мен әйелмін,
Жылайтын күліп тұрып,
Жүрекке ауыр жүк артар біліп тұрып.
Ай мен Күндей ажарлы, дертті жүрек,
Хан қызындай салынған қырық құлып.

Мен әйелмін
Жанардан жылу күткен,
Айна алдында сырластым сұлулықпен.
Кеше неге, білмеймін, жери бердім
Пешенеме бұйырған бір үмітпен.

Мен әйелмін,
Таусылмас аңсар әнім,
Мөлдірлікке мөлт етіп тамса жаным,
Тазалыққа талпынған барым деп ұқ.
Құшағына қапсырып алса жалын,
Өртке оранып жатып та тамсанамын.

Сағыныш
Намазшамова,
ақын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support