- Advertisement -

Жамбылдық боксшының жеңісі

75

- Advertisement -

Нұрсұлтан Жаңабаев халықаралық турнирде чемпион атанды

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында Кеңес Одағының Батыры Дүйшенқұл Шопоковты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир ұйым­дастырылды.
Аталмыш сынға тоғыз елдің былғары қолғап шеберлері қатысып, өзара кім мықтыны анықтасты. Жалпы командалық есепте 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медальды қоржынға салған Қазақстан құрамасы үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Біздің команда олжалаған жалғыз алтын медальды 75 келі салмақ дәрежесіндегі жамбыл­дық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев иеленді. Ақтық сынға алқынбай шыққан жерлесіміз финалда қабағы жарылғанына қарамастан жанкештілік танытып, жеңісті жұлып алды.Турнирдің де үздігі атанды. Халықаралық додаға өзге де мәртебелі мейман­дармен бірқатарда AIBA вице-президенті Серік Қонақбаев арнайы келіп қатысты. Даңқты жерлесіміз Серік Қонақбаев шешіле сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жергілікті жұртшылық Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегеріне тікесінен тік тұрып, қол соқты. Ілтипат білдірді. Құрмет көрсетті.

Нариман Шалбаев.

Бішкек қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support