- Advertisement -

Балмұздақ қыз

165

- Advertisement -

Балмұздақ қыз, бүгін сенің пәк күйің,
Жатақхана – жанға жайлы сәтті үйің.
Құшағыңда мамық, үрпек ойыншық –
Дәл өзіңдей сүп-сүйкімді ақ тиін.

Сағындырса ауыл-аймақ, белес, көк,
Мынау қала мен күткендей емес деп,
Отырасың альбомыңмен сырласып,
Өткен күннен естеліктер елестеп.

Саған таңсық түнгі қала, би кеші.
Сауық құрып қайтқың келер кейде осы.
Бірақ бөгет – ұстаз берген тапсырма,
Одан қалса, кәріс, түрік киносы.

Үйден қоңырау шалса, жылап аласың,
Не етсең де, саған бәрі жарасым.
Әрбір көзден, әрбір сөзден сабақ ап,
Күннен-күнге сен бойжетіп барасың!

Саған кейде осы өмірің бал-дағы.
Ал бұдан да тәтті күндер алда әлі.
Құрбылармен қыдыртады бір үміт,
Қалашықтың жағылғанда шамдары.

Тәкаппарлау өте шықсаң паң күліп,
Елеңдейді сері жігіт, сал жігіт.
Бұл шағыңның әр сәтінде сыйлық бар,
Оны кештеу бағаларың заңдылық.

Мұны саған айтқандағы мазмұн не?
Оны өзің-ақ сезінесің аз күнде.
Сені құлай сүйе-тұғын бір жан бар,
Әл-Фараби атындағы КазМУ-де!

6Асхат Қылышбек

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support