Альбомыма алғы сөз

Альбомыма  алғы сөз
ашық дереккөз
Альбомыма алғы сөз
Бұл альбом толған менің суреттерім, Бір беттерін жыртпағын, кірлетпегін. Мұндағы суретімнің көбі нашар, Сонда да көңіл үшін құрметтегін! Менің сұлу, сымбатты мүсінім... көр! Ал мұнда сәтсіз шыққан түсірулер. Қисық аяқ, безеу бет – мұның бәрі Фотоаппараттың кінәсі, түсініңдер! Бірде арық түсіппін, бірде толық, Бірде күліп түсіппін, бірде тоңып. Шаш ұйысқан, бірінде ауыз ашық, Ұяламын өзім де күнде көріп. Мен өзімді тұрғам жоқ текке бұлдап, Жақсы деп мойындай сал еппен ымдап. Шынайы болмысымды баяндайтын Көп суретті сендейлер кеткен ұрлап. Альбом саған ашылды айқаралы, Түсінген жан ішінен ой табады. Мені қалай сыйларың бұл жинақты Қалайша көрегеніңнен байқалады! 6Асхат Қылышбек

Ұқсас жаңалықтар