- Advertisement -

Өте қауіпті ота сәтті өтті

20

- Advertisement -

Облыстық көпбейінді аурухананың хирургтары аш ішек қуысындағы ісікті сәтті алып тастады. Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасына «Ішектен қан кету» диагнозымен 1982 жылғы науқас келіп түскен. Магнитті-резонансты томография зерттеуінің нәтижелері бойынша аш ішек қуысында ісік анықталған.

Меркі ауданының әріптестеріне стационарлық көмек көрсету аясында облыстық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас хирургі Жандос Сейдахметов және хирург Алмас Крылдаков диагностикалық лапаротомия жүргізген.

Тексеру кезінде трейц байламнан 1.80 сантиметр қашықтықта аш ішектің және аш ішектің мезентериясының төрт ісігі табылған.

– Мамандардың атсалысуымен аш ішектің мезентериялық ісігін алып, резекциясын жүргіздік. Бұл операцияның ерекшелігі сол, өте қатты біліктілікті және мұқияттылықты талап етеді. Мұндай жіңішке ішектің отасы сирек кездеседі. Өте қиын ота. Алайда, дәрігерлердің біліктілігі мен тәуекелінің арқасында операция сәтті өткеннен кейін алтыншы тәулікте науқас толығымен жазылды, – деді бас хирург Жандос Сейдахметов.

Науқасқа 10-сәуір күні ота жасалып, 16-сәуір күні отбасына оралған. Білікті мамандардың арқасында хирургиялық араласу сәтті аяқталған.

– Меркілік дәрігерлер дер кезінде медициналық тексерістен өткізіп, дұрыс диагноз қойғанының нәтижесінде өте қауіпті ота сәтті өтті. Операция үш сағатқа созылған болатын. Бұл отаның қиындығы сол, бақылау барысында өте тиянақты болуды көздейді. Сондай ауыр отаның оң нәтижемен аяқталғаны дәрігерлердің де жетістігін білдіреді. Дәрігердің ең үлкен жеңісі – науқастың құлан-таза айыққаны, – деді хирург Алмас Крылдаков.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support