- Advertisement -

Көктемгі дала жұмыстары жүйелі жалғасып келеді

24

- Advertisement -

Биылғы көктемгі дала жұмыстары уақтылы басталып, қалыпты жағдайда жалғасып келеді.

«Көктемнің әр күні жылға азық» деген қағидамен жұмыс істеп келе жатқан өңір шаруалары жаздық масақты дәнді дақылдарды себу жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын 644,5 мың гектар алқапқа орналастыру көзделген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 мың гектарға артық. Таратып айтсақ, дәнді және дәнді бұршақты дақылдары 364,7 мың, майлы дақылдар 45,8 мың, қант қызылшасы 7,9 мың, картопты 4,5 мың, көкөніс 23,1 мың, бақша дақылдарын 7,9 мың гектар алқапқа, ал мал азығын 190,5 гектарға орналастыру жоспарланған.

Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Тұңғыш Жанұзақовтың айтуынша, биылғы жылдың өнімі үшін облыста шаруа қожалықтардың күшімен өңделген 137989 гектар алқапқа дән себілген. Мәселен, масақты дәнді дақылдар 85951, көпжылдық шөп 17894, көкөніс 6224, майлы дақылдар 192, қант қызылшасы 977 гектар алқапқа себіліп отыр екен. Бұдан бөлек, бақша дақылдары 556, картоп 50, дәндік жүгері 152, пияз 5365 гектар алқапқа орналастырылған.

– Бүгінгі күні өңірдегі агроқұрылымдар қажетті тұқыммен, минералды тыңайтқыштармен де қамтылып отыр. Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарына 7311 ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда. Оның 4585-ін трактор құрайды. Ал, Үкімет тарапынан облысқа бөлінген 10,8 мың тонна кепілдендірілген дизель отынының 2,9 мың тоннасы жеткізіліп, 826,7 тоннасы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне таратылған. Ал, көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасы арқылы 2,5 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда 1,3 миллиард теңгеге 82 өтінім мақұлданып, төлем жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ағын суды тиімді пайдалану мақсатында облыста су үнемдеу технологиялары пайдаланатын алқаптар биыл қосымша 7 мың гектарға ұлғайтылған. Осылайша, биыл бас-аяғы 47,1 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарлануда. Оның 14,4 мың гектары жаңбырлатып, 32,6 мың гектары тамшылатып ылғалдандырылады. Жалпы, облыс аумағында көктемгі дала жұмыстарының барысы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының тұрақты бақылауында, – деді Тұңғыш Тынысбекұлы.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support