- Advertisement -

Ұлттық құндылықтар – тәрбие бастауы

9

- Advertisement -

Қоғамда әр отбасындағы тәрбиенің дұрыс болуы, әсіресе, жастар тәрбиесіне қатысты мәселелердің назарда болуы маңызды. Оның бір ұшы дін саласына барып тіреледі. Облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуінде де қоғамға қажетті жан-жақты ойлар айтылды.

Басқарма басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы әуелі облыстағы діни бағыттағы жұмыстарға тоқталды. Баяндамашының айтуынша, аталған басқарма Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітілуі күтілуде. Аталған басқарма діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында жаһанды шарпыған діни экстремизм мен терроризмнің кез келген көріністеріне қарсы алдын алу шараларын жүргізу; өңірде мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты орнатып, конфессиялар арасындағы өзара келісім әрекеттестігін дамыту; ел Конституциясында белгіленген зайырлылық қағидатының сақталуын қамтамасыз ету миссияларын жүзеге асырады.

Кең ауқымды ақпараттық науқандар мен түсіндіру шараларын жүргізу үшін облысымызда жалпы саны 125 адамнан тұратын 16 ақпараттық топ нәтижелі жұмыс істеуде. Аудандық түсіндіру топтарына тәжірибелі мамандар, теологтар, дінтанушылар, мешіт имамдарымен қатар қоғам белсенділері мен ардагерлер де тартылған.

Ақпараттық технологиялардың дамуымен жылдан-жылға интернет кеңістігінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары артып келеді. «Талдамалық интернет карта», «Кибербақылау», «Контр» сынды интернет кеңістігінде теріс діни контенттерді талдауға, анықтауға және оларға қарсы насихат жұмыстарын жүргізуге арналған ақпараттық жүйелермен жұмыс атқарылуда.

Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты түзеу мекемелерінде арнайы жоспарға сәйкес, Дін проблемаларын зерттеу орталығының 10 қызметкері және Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жергілікті өкілдігі тарапынан 10 мешіт имамы аптасына 2 рет кездесулер өткізді. Бұл жұмысқа республикалық «Ақниет» орталығының мамандары да тартылған.

Жиын барысында журналист Юрий Ефимов дін қызметкерлерінің жауапкершілігі туралы өз ойын айтып өтті. Жиынға қоғамдық ұйым өкілдері де белсене қатысты. Атап айтқанда, «Жер-Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Мұсабаева: «Қазір кейбір жастардың көзқарасы алаңдатады. Мәселен, дінді ұстанғанда да терең сауаттылыққа бармайды. Жиырмадан енді асқан жігіттер қауғадай сақал қояды. Діннің барлық жауапкершілігі сақалда тұр ма? Әлде бұл басқа теріс ағымның көрінісі ме? Осы жағына не істеу керек?» деп ойды ортаға салды. Басқарма басшысы Сәкен Мыңбаев: «Біз қазір қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеуді қолға алдық. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткіздік. Оған барлық түсініктегі ұйым өкілдері қатысты. Өте қызықты өтті. Біз осы жолмен де біраз жетістікке жете алатын секілдіміз», – деді. Байзақтық еңбек ардагері Ғайни Көшербаева жастар тәрбиесіне алаңдаушылығын білдірді.

Мұнан соң, қоғам белсендісі Айнұр Зәуірбекова дін басқарамасымен және дін проблемаларын зерттеу орталығымен бірлесіп, түрлі тақырыпта тренинг өткізсек деген ұсынысын айтты. Басқарма басшысы Айнұр Зәуірбекованың да ұсынысын қолдап, бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support