- Advertisement -

Тәрбие – тал бесіктен басталады

21

- Advertisement -

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы ретте бүгін Талас аудандық құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен мекемеаралық мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде жыл басынан бергі қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының, отбасы-тұрмыстық салада және кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша уәкелетті органдармен қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі және алдағы уақыттағы міндеттері қаралды.

Жиында аталған мәселелер бойынша аудан прокурорының орынбасары А.Тилешов, аудан әкімінің орынбасары А.Абдибекова, аудандық Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары М.Қожахметов, аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов баяндама жасады.

Ескере кетететін жайт, заңға сәйкес жасөспірімдер құқықбұзушылықтың санаты мен дәрежесіне қарай 14 және 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ж.Науатов,
Талас ауданының прокуроры

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support