- Advertisement -

Наурыз нұры

18

- Advertisement -

Күләш АХМЕТОВА, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Төріме шығып, төрт түлік малды төлдеткен,
Наурызым келді, сағынып едім мен көптен.
Еңбекпен алтын бесігін – жерін тербеткен
Еліме менің еншісін түгел бер, көктем!

Кеңейте түсіп керемет жарық шеңберін,
Ең керім сәтте мейірімін төксе жерге Күн,
Көлдерім еріп, байтағым барқыт жамылып,
Бәйшешек гүлді көйлегін киер белдерім.

Бораннан босап жырлаған кезде көк орман,
Наурызым келіп, жарады бүршік мол арман.
Жоғалған заттың қайтуы қиын заманнан
Сан алуан гүлмен Наурызым бүгін оралған!

Жылы күн келді, құлпырып дала жас түрмен.
Жыл құстарының құйқылжығанын естір ме ең?!
Ескірген салттың естісін еске ап, келіндер,
Қазан асыңдар, халқымнан қалған дәстүрмен!

Жайнауын қара, жақсылық толы аймағым.
Сағынған кезде ауылдың сүтін, айранын,
Қаймағын тосып, әкелген әрі сайранын,
Ғажап қой менің табиғат берген мейрамым!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support