- Advertisement -

Көктемгі демалыс басталғалы бері полиция бөлімдеріне 236 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді

17

- Advertisement -

Жамбыл облысының аумағында полиция қызметкерлері көктемгі демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалар мен өзге де оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуде,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер балаларға тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы және көпшілік демалатын орындардағы тиісті тәртіптері, қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ өздері пайдаланатын жеке заттарының сақталуына жауапкершіліктері туралы түсіндіреді. Сондай-ақ, жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, сондай-ақ роликтер мен велосипедтер теуіп жүргенде құлаққап пайдаланудың қауіптілігі туралы ескертуде.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерсіз болуына ерекше назар аударылады: ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін және үйден тыс жерде сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін ғана жүре алады.

Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар жастардың көп жүретін орындарын және ойын-сауық орындарын тексеріп, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдердің үйлеріне баруда. Демалыс басталғаннан бері полиция бөлімдеріне 236 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 418 заңды өкілдер мен өзге де ересек адамдар жауапқа тартылды.

— Ата-аналары жұмыста болатындықтан, демалыс кезінде балалар көбінесе өздерімен өздері жүреді. Кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін заңды өкілдер балаларының бос уақытына бақылауды күшейтуі, олармен қауіпсіз тәртіптері бойынша әңгімелесулері, олардың қайда жүргенін бақылауды жүзеге асыруы қажет. Құрметті ата-аналар, балаларыңыз кәмелетке толғанға дейін жауапты болатындарыңыз естеріңізде болсын! – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support