- Advertisement -

«Этно-fashion» шеруі

19

- Advertisement -

Қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау мен қазақтың киім кию үлгісін заманауи стильде жаңғырту мақсатында түрлі іс-шара өтуде. Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде Т.Рысқұлов аудандық білім бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер орталығының» қызметкерлері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Этно-fashion» ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту еді. Луговой ауылы «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» ғимаратынан «Түрксіб» вокзалына жүріп өтсе, Құлан ауылында орталық «Сұлутөр» кинотеатры алдынан М.Өзбеков атындағы Мәдениет үйі ғимаратына дейін жүріп өтті.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен биылдан бастап Наурыз мерекесінің мәртебесі биіктеп, он күн қатарынан тойлануда. Осыған орай, бүгін ұжыммен кең көлемде атап өтуді жөн көріп, Түрксіб вокзалына барып, Құлан ауылының орталығынан Мәдениет үйіне дейін жүріп өтіп, Ә.Желдібаевтің «Ерке сылқым», К.Әзірбаевтің «Ой Жайлау» әнін шырқадық», – деді «Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Айдар Жұмағұлов.

Аталған шеру Луговой ауылы «Түрксіб» вокзалынан бастау алып, Құлан ауылының орталығына дейін жалғасын тапты. Іс-шара барысында Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйі, Кенен Әзірбаевтің «Ой Ж айлау» әндерін шырқалып, «Қаражорға» биіне флешмоб ұйымдастырылды.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support