- Advertisement -

Өмір – Өлім күресі

21

- Advertisement -

Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургиялық орталықтың өкпе және іш құрылыс бөлімінің меңгерушісі Арапов Ерасыл Бақытжанұлына арнауым.

Өмір. Өлім. Сөнбейтін сөз санадан,
Екеуінің де дәмін татар бар адам.
Өмір – қысқа. Ақырет дүние мәңгілік,
Таңсық емес. Болмайды саған қалаған.

Көз ілместен ататұғын таңдар бар,
Әсер етпес мұндай сәтте заңғарлар.
Өмір — күрес. Білек күшке бағынбас,
Ал, өмір үшін күресетін жандар бар.

Тіреседі өзгенің өмірі үшін,
Белгілі жайт емес бұл көңіл үшін.
Өмір — өлім сәті бұл текетірес,
Сарқуға да сәл қалар бойда күшің.

Пышақ қайда? Үз тамырын өлімнің,
Алладан сұрап, сақтайықшы өмірін.
Өзгелерге болғанымен өнегелі, өсиет,
Бұл жағдай тек, оташыға тән қасиет.

Марапат, алғыс мол болсын үлесіңде,
Жаралған жансың өмір үшін күресуге.
Барлық адам тек сенің тілеуқорың,
Үстем бол, әркез, Өмір үшін күресуде.

 

Ізгі ниетпен,
Жанбайбек ТҮГЕЛОВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support