- Advertisement -

Облыста 12 су қоймасын салу жоспарланған

16

- Advertisement -

Су тапшылығын сезінген аймақта суды үнемді пайдалану мәселесі бірінші орынға шығатыны белгілі. Бұл жайында Мемлекет басшысы да ел экономикасының дамуында су саласының кедергі болып отырғанын айтқан болатын. Осы бағытта биыл өңірде су тапшылығының алдын алу мақсатында су үнемдеу технологияларын енгізу ісі қарқынды жүзеге асып келеді. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен еліміздің Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысқан кеңесте осы бағыттағы жоспарлы жұмыстарды тиімді жүзеге асыру жөнінде талқылаулар өтті.

Жиынға төрағалық еткен аймақ басшысы облыста су қауіпсіздігі мен су тапшылығының алдын алу мақсатында 2026 жылға дейін кешенді жоспарлар әзірленгенін жеткізді.

– Жоспар аясында облысымызда 72 ирригациялық жүйені қалпына келтіру қолға алынбақ. Бұл бойынша бюджеттік өтінім министрлік мақұлдануына ұсынылды. Өңірде 2026 жылға дейін жалпы сыйымдылығы 43,2 миллион текше метрді құрайтын 12 жаңа су қоймасын салу көзделіп отыр. Бүгінде Андас-1, Андас-2, Андас-3 нысандарының құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, 2019 жылдан бері құны 40 миллиард теңге болатын ирригация жүйелерін жаңартуға бағытталған екі жоба Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Шу, Жуалы аудандарында жүзеге асып отыр, – деді Ербол Шырақпайұлы.

Бұдан бөлек, кеңе сте Нұржан Нұржігітов жаңадан құрылған министрліктің жұмысымен таныстырып, а лдағы жо спарларымен бөлісті. Министрдің айтуынша, бүгінде аталған сала бойынша негізгі үш бағытт а жұмыст ар іске асырылып келеді.

– Су және ирригация министрлігі тарапынан бірінші кезекте жаңа Су Кодексін дайындау ісі қолға алынуда. Бүгінде аталған заң жобасы Мәжілістің қарауына ұсынылды. Сонымен қатар, Үкімет қаулысы аясында су басқарудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, әр өңірмен суды пайдаланудың кешенді жоспары әзірленді. Жаңа құжаттама негізінде суды шаруашылық мақсатында тиімді игеру үшін әр өңірдің өзіндік индикаторы қалыптасып, климаттық өзгеріске байланысты су көздерін басқарудың бағыттары айқындалып отыр, – деді Нұржан Молдиярұлы.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов көктемгі жауын-шашын кезеңінде суды барынша молынан жинақтап алып, егістік мақсатында кәдеге жарату керектігін, өндірісте ауыз суды пайдаланудан бас тартып, суды қайта пайдалануды тиімді жүзеге асыру қажеттігін айтты. Министрдің айтуынша, бүгінде ел аумағында тіршілік көзін қайта пайдалану көрсеткіші 17 пайызды ғана құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін арттыру жоспарланған.

Жиын соңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру, су тапшылығының алдын алумен оны үнемдеу технологияларын кеңінен қолданысқа енгізу бойынша тапсырмасы аясында Су және ирригация министрлігімен бірлесе жұмыстар жүзеге асатындығын жеткізді.

 

Нұрболат АМАНБЕК

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support