- Advertisement -

Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті

19

- Advertisement -

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, оларды отансүйгіштік пен толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» тақырыбында «Достық алаңы» ұйымдастырылды.

Кеш барысында арнайы шақырылған «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Фарида Накыш, Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы өзбек, тәжік этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Абдурахман Зайнутдинов, Махкам Орифов, «Жамбыл облысының интернационалист-жауынгерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Керім Ізбасаров, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Қанат Абитаев, Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бөлімшесінің аға лейтенанты Азамат Қадырғазиев, 28903 байланыс әскери бөлімінің байланысшысы Анастасия Куманиева әр жылдары өз ағайындарын құшақ жая қарсы алып, төрін ұсынған, өзектен теппей, уайымсыз ғұмыр кешуге жағдай жасаған қасиетті топыраққа тағзым етіп, қазақ халқына шексіз рахметін айтты.

Сонымен қатар, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Леля Узденов кеш қонақтарына бейнеқұттықтау жолдады.

Іс-шараға Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы және 28903 байланыс әскери бөлімдерінің сарбаздары, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен қаладағы мамандандырылған колледж студенттері қатысып, мереке аясында қазақ елін мекендеген этнос өкілдерінің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, қонаққа келген сарбаздар мен студенттер кітапхананың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, тақырыптық залдарды тамашалады.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support