- Advertisement -

Мемлекеттік гранттың тиімділігі мол

26

- Advertisement -

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне» арналған семинар өтті.

Аталған кездесуге «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы», үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпорын өкілдері және тиісті басқарма басшылары қатысты. Жиынды облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Исламбек Дастан жүргізді. Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының басқарма басшысы Лима Диас семинардың мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, оларды беру тәртібі, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау, гранттық қаржыландырудың артықшылықтары, гранттық қаржыландыру салалары және тағы басқа мәселелер төңірегінде әңгімеледі.

Лима Диастың айтуынша, гранттық қаржыландырудың артықшылықтары үш жылға дейін ауқымды және жүйелі әлеуметтік жобаларды ішке асыруға мүмкіндік береді. Жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуде алар орны ерекше. Сондай-ақ, семинарда «Жер-ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Мұсабаева әлеуметтік жобалардың тақырыптарын іскі саясат басқармасы арқылы ұсынсақ, – деп өз ойын білдірді.

Сонымен қатар, жобаларға сараптама жасайтын комиссияның құқықтары мен міндеттері де таныстырылып, орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттарды орындаушыларға қойылатын кеңейтілген талаптар ұзақ мерзімді әлеуметтік жобалардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттырылатындығы ескертілді. Жобалардың тиімділігін бағалау барысында комиссия олардың алдына қойған мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне баса мән береді.

Жобаның сәйкестігін талдау процесінде іске асырылған гранттардың әлеуметтік әсерін анықтау назарға алынады. Мемлекеттік гранттың әлеуметтік саланы дамытудағы басымдылығын арттыру – басты мақсаттың бірі. Бұл ретте Исламбек Дастан осыған дейін жобаларын қорғап, грантты ұтып алғандардың нәтижиелі істерін атап өтті. Өзі де мемлекеттік грантты ұтып алып, оның игілігін көргендігін тілге тиек етті.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support