- Advertisement -

«Еңбек кеңесшісі» іске қосылды

15

- Advertisement -

Күн сайын дамыған техника әлеуеті көптеген істерді жеңілдетумен қатар, әркімнің өз керегін қолдағы телефонымен лезде табуға да үлкен көмегін тигізіп отыр. Цифрландыру ісінің жетістігімен жұмыс берушілерге заң тұрғысында көмектесетін жаңа сервис іске қосылды.

Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп «Еңбек кеңесшісі» өзін-өзі тексеру сервисін әзірлеп, пайдаланушыларға ұсынды. Ол жұмыс берушілерге өз қызметін еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруге мүмкіндік береді.

Сервис–жұмыс берушілерге еңбек саласындағы құжаттаманы дайындауға және жүргізу процесін жеңілдетуге бағытталған. Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша цифрлық құралдарды енгізу есебінен елдегі кәсіпорындарда еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жәрдем көрсетуге арналған. Сервис аясында тексеру анонимді түрде жүргізіледі. Жұмыс берушіден алдын ала тіркеу талап етілмейді. Тек, еңбек жағдайлары, қызметкерлер құрамы және тағы басқалары бойынша жалпы сауалнаманы толтыру қажет.

Осылайша, осы қызметті пайдалана отырып, жұмыс беруші еңбек заңнамасының қыр-сырын түсінеді. Сонымен қатар, ұйымның құжаттамасы құқықтық нормаларға сәйкес келетіндігін анықтай алады және мемлекеттік еңбек инспекциясының талаптары бойынша түсініктемелер алуына да мүмкіндік қарастырылған.

Өзін-өзі тексеру нәтижелері бойынша, еліміздің Еңбек кодексінің талаптарын бұзушылықтарды көрсетуден басқа, сервис оларды жою бойынша ұсынымдар ұсынады. Осылайша, жұмыс беруші онлайн-кеңесшінің барлық ұсыныстарын орындау және бұзушылықтарды алдын-ала жою арқылы нақты тексеру жағдайында нұсқамалар мен айыппұлдарға ұшырамайды. Қазіргі уақытта қызмет аясында өзін-өзі тексеруге арналған бірнеше тақырыптар бар. Яғни, жұмысқа қабылдау мен жұмыс кестесінен бастап еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына дейін және жұмысшылардың жекелеген санаттары үшін еңбек ерекшеліктері көрсетілген.

Сауалнамалар 12 тақырыптық тексеру парағына орналастырылған және бұзушылықтардың ауырлығын анықтауға және көмектесетін 91-ге жуық сұрақтан тұрады. Сервис https://hr.enbek.kz сілтемесі бойынша қолжетімді.

Ашылған негізгі беттің төменгі жағында «Еңбек кеңесшісі» бөлімін басып, әрбір жұмыс беруші еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына өз бетінше тексеруден өту мүмкіндігіне ие бола алады.

 

Жанат Мұхатаева,

облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының мониторинг, құжаттама, қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы –мемлекеттік еңбек инспекторы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support