- Advertisement -

Көпшілікке ой салған сұхбат

18

- Advertisement -

Әр адам жаңа жылдан жақсы үміт, табыстар күтетіні рас. Президенттің жыл басындағы сұхбаты да негізгі бағыттарды айқындап беруімен ерекшеленіп, көпшілікке қуаныш сыйлады. Бұл сұхбатта еліміздегі қарапайым тұрғындардың жағдайы ғана емес, мемлекетміздің әлем алдындағы ірі қадамдары айтылды. Еліміздің дүниежүзі алдындағы беделіне мән берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және с енім шара лары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді», – деп атап өткені көңілімізге серпіліс сыйлады.

Болашаққа нық қадам басқан мемлекетіміздің жоғарыда аталған беделді ұйымдарға басшылық етуі – сөз жоқ сыртқы саясаттағы үлкен жетістік. Мұндай ұйымдарға төрағалық ету мемлекеттің қуаттылығы мен мықтылығын байқатады. Бұл біздің даму жолындағы қадамдарымыздың нақтылығын, өрлеу жолындағы істеріміздің беріктігін көрсетеді. Баянды болашаққа бара жатқанымызды байқаймыз.

Мен білім саласында мәдени мамандарды дайындауға үлес қосып жүрген ұстазбын. Біздің алдымыздан да талай шәкірттер өтіп жатыр. Олардың ішінде зерек, жалындап тұратын белсенді жастар аз емес. Біз олардың ынтасын одан әрі арттырып, шыңдаймыз. Себебі, олар – мемлекетіміздің ертеңіне қызмет ететін мамандар. Ол мамандарға жақсы бағыт беру – міндетіміз.

Президенттің сұхбаты маған да үлкен ой салды. Мемлекетіміздің әлемдік саяси аренадағы биік беделі, айрықша абыройы қуантты. Елімізді бірнеше тілде еркін сөйлей білетін, жан-жақты терең ойлай алатын Қасым-Жомарт Кемелұлының басқарып отырғаны да – үлкен мақтаныш. Болашақта әлемнің алдында өз орнын алуға ұмтылып жатқан еліміздің ертеңі білімді жастармен маңызды. Сол білімді мамандарды дайындауға тамшыдай үле с қо сып жүргенімізге қуанамын. Бұл сұхбат болашағы жарқын мемлекетіміздің басым бағытт арын айқындап беруде оң ықпал ететіні анық. Сұхбат көңілімнен шықты. Өзгелерге де сондай ой қалдырғанына сенімдімін.

 

Айгүл КАБИЕВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі, профессор,

Мәдениет қайраткері.

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support