- Advertisement -

Жастар мәселесіне мән берілді

17

- Advertisement -

Ақпараттар ағыны заманында қоғам мен мемлекет арасында байланысты мығым етіп ұстап, ұлт болашағы жолында жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру аса маңызды. Бұл ретте қоғамдағы бар жайтты қағілездікпен қадағалап, көптің қолайына жағатын шешімдер қабылдайтын басшылық қызметіне баға беріліп, сараланады.

Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында аса маңызды мәселелерді айтып өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде кадрлық саясаттағы өзгерістер жалғасын тауып, алдағы уақытта жастардың тың идеясы мен білім- біліктігін аға буынның тәжірибесімен ұштастырып, ел басқару ісінде тепе-теңдіктің сақталатындығын жеткізді. Сондай-ақ, Президент кадрлық ауыс-түйісте асығыстық танытудың қажеті жоқтығын, мұндай маңызды істе ешқандай эксперимент жасаудың керек еместігін баса айтты.

Меніңше, бұл кадрлық тапшылық сезіліп отырған кезеңдегі ең оңтайлы шешімдердің бірі. Еске сала кетсек, былтыр бұл бағытта Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтау ісі қайта жанданған болатын. Ал, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуінде алдағы уақытта әр өңірдің өзіндік кадрлық резерв дайындау ісі қолға алынатындығын жеткізген еді.

Бұл бастамалардың басшылық қызметтегі жаст ар қат арының көбейіп, ел басқару ісіне көптеп араласуына ықпал ететіндігі сөзсіз. Ал, олардың тәжірибе алмасу, қарым-қабілетін қызмет бабында жүзеге асыруы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев басшылықтағы жастардың өзіне деген сыни көзқарас таныта алу мүмкіндігін арттыру қажеттігін жеткізді.

 

Фарида ЖҮНІСОВА,

облыстық мәслихаттың депутаты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support