- Advertisement -

Ұлыларымызды ұлықтаған елміз

18

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын оқып шықтым.

Біз ұлыларымызды ұлықтаған елміз. Биыл ұлтымыздың бірқатар ұлы перзенттерінің мерейтойлары тойланбақ.

Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады.

Ұлтымыздың ұлы жолы, талайлы тағдыры, бабалар өмірі, ірі тұлғаларымыздың өнегелі ғұмыры бүгінгі қазақ елінің баға жетпес құндылығы.

Сонымен қатар, сұхбатта Президент Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толатындығын, осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынатындығын және биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстары аяқталатындығын айтып өтті.

Осынау құндылықтарымызды, бай тарихымызды түгендеу, бабалар жолын жаңғыртып, оларға тағзым ету, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты парызы, сондай-ақ ертеңгі күнге үлгі-өнеге.

 

Роза ӨТЕМБАЕВА,

аудандық мәдениет үйінің директоры.

Сарысу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support