- Advertisement -

Кең ауқымды ашық сұхбат

25

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деген кең ауқымды әрі ашық сұхбатында осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды қорытындылап, қойылған сұрақтарға орай халықты да, нарықты да толғандыратын мәселелерге нақты жауап берген.

Парламенттік жүйені реформалау, Қаңтар оқиғасы, сондай-ақ қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелерге кеңінен тоқталған. Мемлекет басшысы айтқандай, өткен жылы экономикаға, бизнесті дамытуға, адамдардың табысын арттыруға заңдық негіздемелер жасалып, оның басым бөлігі экономикамызды, кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталды. Бұл көлемді мақаланы толық оқи отырып, Президенттің сұхбатта айтқан бәсекелі экономика жүйесін құру, оны әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту, 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есеге арттыру жұмыстарын сәтті жүзеге асыратынына сенім пайда болды.

Президенттің сұхбатынан қоғамдық санада қалыптасып үлгерген сан сауалдарға да орынды жауап табуға болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы сыртқы және ішкі саясатты да сөз етіп, елдік сана, бірлік, зиялы қауымның рөлі, қазіргі дәуірде ұлт болып ұйысудың маңызы мен жолдарын сыни тұжырымдық тұрғыдан талдап берген. «Халқымызды ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға қарауымыз керек» дегені де көңілден шығып, сұхбатты бір деммен оқып шықтық. Президент бірлік, ынтымақ болса, барлық жетістікке жететінімізді ашып айтты. Бір сөзбен айтқанда, өткен жылды екшеп, болашақты бағамдаған сүбелі сұхбат алдағы бес жылдықты айқындап берді. Сондай-ақ, идеология саласындағы көп мәселенің шешімін талқылайтын Ұлттық құрылтай бүгінде сындарлы диалог алаңына айналғаны да көңіл қуантады.

 

Ғалия ШУБАЕВА,

аудандық орталықтандырылған кітапхананың директоры,

аудандық мәслихаттың депутаты.

Мойынқұм ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support