- Advertisement -

Экономикалық бағыттағы жобалар жанданады

20

- Advertisement -

Баршаңызға белгілі Мемлекет басшысының жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетінде «Біз озық ойлы ұлт ретінде алға қарауымыз керек» атты сұхбаты жарияланған болатын. Президент сұхбатында Мемлекет дамуы жолында атқарылар істердің бағыт-бағдары айқындалып, басымдықтар белгілі болды. Сондай-ақ, саяси реформалардың қалай жүзеге асатындығы, экономикалық өзгерістер туралы да сөз қозғалды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде экономикалық бағыттағы ауқымды жобаларға басымдық беріліп отырғандығын атап өтті. Алайда, Әділетті Қазақстанды қалыптастыруда саяси реформалардың маңызы жоқ емес. Президент бұл жөнінде қабылданып отырған шешімдер мен заңдардың әділетті қоғам орнықтырып, заң үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды екендігін айтты.

Меніңше, бұл адам құқықтарына жоғары деңгейде мән беріп, адами құндылықтарды қастерлеп, қадір тұтатын, бірлігі үстем, ынтымағы берік қоғамның негізін қалауға бағытталған оңтайлы шешімдердің бірі болмақ.

 

Айман ӘШІМОВА,

облыстық мәслихат депутаты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support