- Advertisement -

Білім саласына басымдық беріліп отыр

28

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты елімізде өткен жылдары атқарылған жұмыстарға есеп берген, келер жылға бағыт-бағдар берген кең көлемді сұхбат болды.

Президент «2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде», – деп атап өтті. Тараз қаласында өткен жылы екі мектеп құрылысы аяқталып, іске қосылса, ағымдағы жылы жеті мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде екі мектеп «Жайлы мектеп» жобасы аясында соғылып жатқандығы қуантады.

Президентіміз сұхбатында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қолдау көрсету қолға алынғандығына да тоқталды. Биылғы жылы мектептің бастауыш сыныптарындағы барлық балалар және орта буында оқитын әлеуметтік осал топтағы балалар тегін тамақпен қамтылып отыр.

Бұл шаралардың барлығы мемлекетіміздің өркендеуіне салынып отырған инвестиция екені белгілі. Жыл сайынғы жоспар ауқымы кеңейіп келеді. Сәйкесінше, мемлекеттен көрсетілетін қолдау мен қаржы көлемі де артқан. Бұл өңірдегі білім саласының дамуына айрықша әсер ететіні сөзсіз.

 

Раушан ҚОЖАМЖАРОВА,

Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support