- Advertisement -

«Алдын алу стратегиялары: Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамға жол»

23

- Advertisement -

Мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ажырамас рөлін ескере отырып, елімізде осы құбылыстың алдын алуға және оған қарсы тұруға басты назар аударылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы осының дәлелі бола алады.

Сыбайлас жемқорлық — бұл қылмыс қана емес, сонымен қатар жүйелік кемшіліктердің көрінісі. Ол әділеттілік принциптерін бұрмалайды, экономикалық өсуді баяулатады және демократиялық принциптерге қауіп төндіреді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін қатаң заңдарды енгізіп қана қоймай, қоғамдық сананы өзгерту қажет.

Бұл тұрғыда тиімді құралдардың бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жүйелі және құрылымдық тәсілін қамтамасыз етуге қабілетті жобалық басқару қағидаттарын қолдану қажет.

Осы ретте, жобалық басқару шеңберінде елімізде бірнеше жыл қатарынан «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты іске асырылуда.

2023 жылға бекітілген кестеге сәйкес 36 мемлекеттік мекемеде (25 басқарма, 11 әкімдік)және 56 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Бүгінгі таңда, барлық облыстық мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізілген. Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында іс-шаралар жоспарлары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтар бекітіліп, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты әзірленген.

​Жамбыл облысының әкімдігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының бір бөлігі бола отырып, мақсаттарға жетуге бағытталған міндеттерді белсенді түрде іске асыруда.

​Сыбайлас жемқорлық тек биліктің ғана мәселесі емес, сонымен бірге менталитет екенін түсіну маңызды. Мемлекеттік қызметшілерді, бизнес-қоғамдастықты және азаматтарды Әдеп негіздері мен адалдық қағидаттарына оқыту сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлықтың зияны және оның қоғамға тигізетін зардаптары туралы хабардар болу деңгейін көтеруге бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізілуде. Өткен жылы өңірде түрлі нысаналы топтар арасында 70 мыңнан астам адамды қамтитын 330 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде, ауыл және қала тұрғындары, бизнес өкілдері, жастар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен қоғамдық кеңес мүшелері қамтылды.

Сонымен қатар, жыл сайын облыстың жергілікті атқарушы органдарының 70-ке жуық мемлекеттік қызметшісі парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесінің халықаралық сертификаттауынан өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқытудан өтеді.

Бұдан бөлек, «Даңқты Балуан – Жақсылық Үшкемпіров» және «Боз даланың бозторғайы – Кенен Әзірбаев» тақырыптарында «Адалдық сағаты» бейнедәрістері әзірленіп, облыстың барлық білім беру мекемелерінде және БАҚ-та көрсетілді.

​Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — бұл институционалдық реформалар, қоғамдық қатысу және халықаралық ынтымақтастық арасындағы үйлесімділікті талап ететін көп қырлы процесс.

Мемлекетті, қоғамды және бизнесті біріктіретін ұлттық және жаһандық стратегияларды құру — неғұрлым әділ және орнықты болашақ құрудың кепілі болады.

 

Жамбыл облысының әкімі Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support