- Advertisement -

Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» кәсіпқой футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы лауазымына конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫ

18

- Advertisement -

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ  ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» кәсіпқой футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» кәсіпқой футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Орналасқан жері: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 113 үй, телефон (87262) 45-59-52.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының біртұтас мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. ХФАФ, ЕФАО, ҚФФ талаптарын сақтау және орындау. Футболшыларды Қазақстан құрама командаларына дайындау. Негізгі команда үшін жасөспірім футболшылардың таяу кезіндегі  резервін даярлауды жүзеге асыру және т.б.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық; мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі; «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; педагогика, психология және физиология негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.

Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау облыстық «Ақ жол», «Знамя труда» газеттерінде және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының https:// www.gov.kz/memleket/entities/zhambylsport ресми сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде төмендегідей құжаттарды мына мекенжайға: 080000, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72, «Жамбыл облысы әкімідігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 9-қабат, №911 кабинет, тел.: 8726 (2) 45-59-52 ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» №075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурстың өтетін күні: 2024 жылғы 5 ақпан.

Конкурстың өтетін орны: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72 (9-қабат, 920-кабинет). Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді. Осы бос лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге жеңілдіктер берілмейді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support