- Advertisement -

Әр азамат өз қоғамын дамытуға қатысуы тиіс

17

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбаты әлі де ел ішінде қызу талқыланып жатыр. Жалпы айтқанда, Президентіміздің сұхбаты бүгінгі саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірдің негізгі аспектісіндегі алдағы уақытқа жасалған қадамдарды және қойылып отырған мақсаттарды анықтап беріп отыр.

Президент өзінің сұхбатында атап өткендей, соңғы жылдары тұрақты түрде саяси үдерістің бәсекелестігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған түрлі бастамаларды ұсынып келеді. Бұл саяси реформалар мен бастамалардың басты мақсаты – елімізде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайту. Сол арқылы мемлекеттік бағыттың сабақтастығын қамтамасыз етіп, мемлекет пен азаматтар үшін қажетті реформаларды жүргізуге мүмкіндік беру. Жыл сайынғы Жолдаулар, саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар – бәрі де халық үніне құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыру міндетінен туындап отырғаны айдан анық.

Расында да Президентіміз айтқандай, 2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Біздің облыста да алғаш рет екі ауданның әкімін халық өздері сайлады. Шын мәнінде үлкен өзгерістің басы болған ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасып келеді. 2021 жылы басталған бұл науқан елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тың серпін беріп, тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашты.

Сұхбаттағы елімізде ауқымды өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру, инфрақұрылымды дамыту жоспарын әзірлеу, тағы бір маңызды міндет – инвестиция тарту туралы айтқан сөздері де көңілімізден шықты. Сонымен қатар, Президент өз сұхбатында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін атап өтіп, бұл принциптерде заңдылық пен әділеттілік болуы тиіс екеніне тағы да назар аударды. Бұл орайда ол азаматтарды жауапкершіліктің және ел өміріне қатысудың жаңа деңгейіне көтерілуге шақырды. Әрбір азаматтың тек заңдар мен ережелерді біліп қана емес, саяси-экономикалық процестердің белсенді қатысушысы ретінде сезінуінің маңыздылығын атап өтті. Бұл міндеттер Қазақстанның тұрақты дамуы мен гүлденуіне негіз болмақ. Әрбір азамат даму процестеріндегі өз рөлін білуі керек және өз қоғамын дамытуға және нығайтуға белсенді қатысуы қажет. Бұл міндеттерді орындау елдің бүгіні мен болашағының күшті, әділетті, бақуатты болуының кепілі деп білеміз.

 

Жұмахан ТӘҢКЕБАЕВ,

кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты.

Талас ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support