- Advertisement -

Ербол Қарашөкеев «АгромашХолдинг KZ» АҚ басшылығымен кездесті

38

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев  «АгромашХолдинг KZ» АҚ басшылығымен кездесу өткізді.

Аймақ басшысы мен «АгромашХолдинг KZ» АҚ президенті Мейрамбек Сандыбеков аграрлық салада, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.

Облыс әкімі индустриялық-аграрлық аймақ болып табылатын өңір үшін ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру мәселелері қашан да маңызды екенін атап өтті.

— Өңірімізде қант қызылшасын себуге арналған мамандандырылған техника мен комбайндардың жетіспеушілігі байқалады. Біз су үнемдеу технологияларын енгізуді арттыру нәтижесінде егіс алқабын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.  Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде тиісті шараларды қолға алудамыз. Басты мақсат – ауыл шаруашылығын механикаландыру деңгейін арттыру, — деді Ербол Қарашөкеев.

Жалпы, облыста бүгінде барлығы 13,8 мың техника тіркелсе, оның 4 570-і трактор, 985-і комбайн.

Мейрамбек Сандыбеков агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту үшін өңірдің әлеуетін барынша тиімді пайдалану жөнінде бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, ол «АгромашХолдинг KZ» Жамбыл облысында сервистік орталық ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға аталған жобаның мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеу және қолдау көрсету бойынша нақты міндеттер жүктеді.

 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support