- Advertisement -

Әлеуметтік бағыттың әлеуеті жоғары

29

- Advertisement -

Жуырда ғана қорытындыланған 2023 жылдың соңында еліміз бойынша әлеуметтік бағытта сауда саласы бірінші орыннан көрінді. Мемлекетіміздегі барлық шағын және орта бизнес субъектілерінің 36 пайызы саудамен айналысады. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сүйенсек, сауда-саттық саласы 1,5 миллионнан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, өткен жылдың 9 айындағы көрсеткіште жалпы ішкі өнімге экономикалық үлес бойынша екінші орыннан табылған. Ал, 11 айда саудаға тартылған инвестиция көлемі 410,6 миллиард теңгені құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 41,3 пайызға жоғары. Ішкі тауар айналым 21,1 пайызға өсіп, 53,6 триллион теңгені құраған. Сауданың нақты көлем индексі 111,3 пайызды көрсеткен.

Сыртқы сауда қызметінде де оң динамика байқалады. 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 114,1 миллиард долларды құрап, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға артқан.

Ел ішінде бизнес пен халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қазіргі заманғы сауда форматтарының үлесін арттыруда да тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде елімізде заманауи сауда форматтарының үлесі 31 пайызды құрайды. Мемлекеттік қолдау құралдары арқылы 2027 жылға қарай сауданың қазіргі заманғы форматтарының үлесін 56 пайызға дейін арттыру көзделген. Қазіргі уақытта 460 универсалды базардың 195-ін заман талабына сай өзгерту қажет болған, бүгінде олардың 121-і жаңартылыпты. Елімізде мұндай 722 универсалды базар бар. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Әлеуметтік тауарлар бағасының индексі 5,5 есеге төмендеп, 3,4 пайызды құраған. Жалпы, жылдық инфляция қараша айының соңында 10,3 пайыз деңгейінде қалыптасқан.

Биыл шілдеге дейін Әлеуметтік тауарлар нарығына қатысушыларды қамту, 1,5 мыңнан астам бөлшек сауда орындарын қоса алғанда, 100 пайызды құрайтын болады. Сауда үстемесінің 15 пайызға сақталу нормасын әкімшілендіру күшейтілмек. Сондай-ақ, әлеуметтік тауарларды іске асыру кезінде ретро-бонустар алуға тыйым салу бойынша сауда желілерімен жұмыс жалғасатын болады.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support