- Advertisement -

Прокурорлар Тараздың балабақшасында ірі көлемде қаражатты жымқыру фактісін анықтады

38

- Advertisement -

Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.
Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Жамбыл облысының прокуратурасы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support