- Advertisement -

Көптен күткен қуаныш

33

- Advertisement -

Ардагерлерді құрметтеу – ұрпаққа парыз. «Ардагерлер – алтын қорымыз» десек, қарияларға қандай құрмет көрсетсек те артық болмайды.

Аудан орталығынан Ардагерлер үйі салтанатты түрде ашылды. Қазыналы қарттарымыздың игілігіне берілген ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімі Жалғас Мұртаза, аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев бастаған қариялар және ауданның зиялы қауым өкілдері бір топ ардагерлер қатысты.

Аудан әкімі Жалғас Әлижанұлы ардагарлерді қуанышымен құттықтады.

«Жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Кешегі күні ата дәстүріміздің салты бойынша ағайын-туғаны қарттарына бар ықыласын бөліп, қолынан келгенше көмектескен. Бүгінгі күні ардагерлер мәселесі мемлекеттің қолдауында.

Ауданда 160 тыл ардагері, Семей ядролық сынақ полигонының 76, Чернобыль апатының 10, Тәжік-Ауған соғысының 49 ардагері және 5759 зейнет жасындағы қария бар. Олардың әлеуметтік жағдайы, күнделікті тыныс- тіршілігі, тиісті қолдаулар мен жеңілдіктерге ие болуы назардан тыс қалған емес.

Бүгін аудан орталығынан ардагерлер үйін ашып отырмыз. Бұл – біздің қазыналы қарияларға деген құрметіміз.

Бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дұрыс дамуына зор үлес қосуда.

Ардагер аға-апаларымызға үлгі болар өнегелі істері үшін шексіз алғыс айтамыз.

Сіздерді бүгінгі қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!», – деді аудан басшысы.

Ардагерлерді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Қалтайұлы, бөлім басшысы Сәрсен Мыңбаев, құрылыс жұмысын жүргізген мердігер «Bekstroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бексапар Үсербаев, Жамбыл облысының Құрметті ардагері Жарас Мұратай, батагөй қария Аманжол Дүрәліұлы, Ақсай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәрібай Құрмашев та құттықтауларын жеткізді. Мердігер Бексапар Фахриддинұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашевқа ғимараттың кілтін салтанатты түрде тапсырды.

Ардагер ұстаз Әбілқасым Ергебеков жиналған көпшілікке ақ батасын берді.

Қариялар ғимараттың лентасын қиып, ғимараттың жұмыс кабинеттерімен танысты.

Терезелерінен күн сәулесі төгілген ғимаратта қарияларға барлық жағдай жасалған. Жұмыс кабинеттерінен бөлек, ардагерлердің бос уақытын ұйымдастыруға арналған шахмат, дойбы, кітап, газет- журнал оқитын бөлмелер де бар.

 

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,

журналист.

Жуалы ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support