- Advertisement -

Бағаны негізсіз өсіргендер жауапқа тартылды

54

- Advertisement -

Мемлекет басшысының ел Үкіметіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде көптеген жұмыстар атқарылуда.

Өңірде азық-түлік нарығындағы өнімсіз делдалдарды анықтау мақсатында баға талдауы жүргізілуде.

Талдау барысында Талдау орталығы департаментінің жедел дирекциясымен бірлесе отырып, сауда компаниялары 15 пайыздан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде ең жоғары үстеме бағасын бұзу фактілерін анықтады.

Мысалы, кәсіпкер жалғыз сатып алушы бола отырып, өндірушінің сүт өнімдерін әртүрлі сатып алушыларға 25-60 пайыз үстемемен көтерме жеткізуді жүзеге асырды.

Осылайша, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген шекті сауда үстемесінің белгіленген мөлшеріне қарамастан, олар облыста жоғары бағамен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатады.

Тұрғындар арасында әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында өндіруші басшылығына тиімсіз делдалдардың қатысуынсыз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сату қажеттігі туралы тапсырмалар берілді. Осылайша өндірушінің басшысы сауда үстемелерінің талаптарын сақтауға және өндірушіден сатушыға қажетсіз делдалсыз тікелей жеткізуге, сондай- ақ тікелей сауда орындарына 10-15 пайыз төмендетілген бағамен жеткізуге міндеттелді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және өнімсіз делдалдар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 9 шаруашылық субъектілері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға 7 тұлғаның ісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын негізсіз жоғарылатқаны үшін бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық комиссияда қаралып, 5 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында облыстағы тауық жұмыртқасын көтерме саудада өткізу нарығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізушілері арасында тиімсіз делдалдардың схемасы анықталды.

2021 және 2022 жылдары соңғы тұтынушыға сату үшін дүкендерге сатуды тікелей өндірушілер өздері жүзеге асырғаны анықталды, бірақ биыл еншілес кәсіпорын түрінде жасанды делдал құрылған. Тиімсіз делдалдар тауар бағасының тым жоғары өсуіне ықпал еткен.

Осыған орай, аталған субъектілердің іс- әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы белгіленген шектен тыс делдалдық тізбегі мен заң бұзушылық белгілері бойынша жинақталған материалдар қарау және жауапкершілікке тарту үшін олардың ісі сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жолданды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудағы заңсыз әрекеттерді анықтау және өнімсіз делдалдарды жою бойынша талдау жұмыстары жалғасуда.

 

Медеу АУҒАМБАЕВ,

облыс бойынша экономикалық тергеп- тексеру департаменті жедел басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support