- Advertisement -

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

53

- Advertisement -

Amanat партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы мен партияның сайлауалды бағдарламасындағы межелерді іске асыра отырып ерекше қажеттілігі бар жандарды жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылған игі іс-шара Тараз қалалық «Мансап» орталығында өтті. Оған өңірдегі 25 жұмыс беруші мекеме мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Жиында 50-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыс беруші мекеме өкілдерімен тікелей тілдесіп, өздеріне ыңғайлы жұмыстар қарастыруға мүмкіндік алды.

– Amanat партиясы ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың өмір сапасын арттыру жұмысын басқарып, олар үшін кедергісіз орта жасауға баса назар аударады. Мәселен, партияның сайлауалды бағдарламасындағы бағыттарының бірі – халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсету болып табылады.

Сонымен қатар, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес, 5 жыл ішінде 1290 әлеуметтік маңызды ғимарат ерекше қажеттілігі бар жандарға бейімделетін болады. Бұл дегеніміз – өңірдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз жасап отырған игі бастама.

Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар жандар үйде қол қусырып отыра беруге болмайды. Олар да жұмыс істеп, нәпақа тапқысы келеді. Бүгінгі іс-шарамыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр, – дейді Amanat партиясы облыстық мәслихатындағы фракция мүшесі Анар Бексұлтанова.

Ерекше қажеттілігі бар жандарды жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аудандарда да өткізіліп тұрады. Мәселен, жыл басынан бері облыста 40 жәрмеңке өтіп, 527 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. 673 азамат уақытша жұмысқа орналасқан.

– Негізгі мамандығым – тігінші. Бүгін жәрмеңкеге үлкен сеніммен келдім. Себебі, тұрақты жұмысқа тұру – барлығымыздың мақсатымыз. Үйде отырғаннан ешкім табысыңды арттырып бермесі анық. Партияның ұйымдастырған жәрмеңкесіне келіп, «Мүгедек жастар» қоғамының өкілдерімен тілдестім. Алдағы уақытта тұрақты жұмысқа орналасатыныма сенімдімін, – дейді Мархабат Қошқарбай.

Айта кетейік, Amanat партиясы облыстық филиалы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаның 2-4 пайызын сақталуын бақылау бойынша қоғамдық-партиялық мониторингін, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қабылдаулар ұйымдастырып отырады.

 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ,

Amanat партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support