- Advertisement -

«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы жүргізілуде

38

- Advertisement -

Жыл басынан бері Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментіне 25 табиғи монополиялар субъектілерінен 67 тарифті бекітуге 67 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағалардың шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы 5 хабарлама келіп түскен. Сол өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 29 тариф бекітілген. Сонымен қатар, 17 өтінім және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің 3 хабарламасы бойынша қараудан бас тартылған. Сол секілді 10 өтінім қаралса, 8 өтінім субъектімен өз еркімен кері қайтарылған. Департаменттің тарифтік саясаты тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтері мен бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс істейді. Департамент басшысы Алмат Абдрайханның айтуынша, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 4 субъектінің инвестициялық бағдарламасына жергілікті атқарушы органмен бірлесіп өзгерістер енгізілген.

– Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған. Сонымен қатар, табиғи монополиялар заңнамасы аясында департаменттің негізгі мақсаттары – тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету. Бұл департамент облыста табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 55 түрін көрсететін 38 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган. Департамент субъектілердің 2022 жылға арналған тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы бойынша талдау жүргізді. Осылайша, 2021 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерінің талдау нәтижелеріне тоқталсам, «Жамбыл-Су» кәсіпорнының суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 28 137,55 мың теңгеге, «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорнының суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 5 268,52 мың теңгеге, «Ақсу-Қордай» кәсіпорнының суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 132,680 мың теңгеге, «Таразтрансэнерго» кәсіпорнының жылу энергиясын беру және бөлу қызметіне 58 405,23 мың теңгеге, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының тауарлық газды газ таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметіне 107 180,59 мың теңгеге уақытша өтемдік тариф бекітілді. Жоғарыда айтылғандай, департамент қызметінің басты бағытының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау. Бұл бағытта биылғы 11 айда департамент тарапынан ауқымды жұмыс жасалды деп айтуға болады. Осы кезеңде 5 тұлғаға 6 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Атап айтқанда, бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда нарығында шекті бағалардан асырғаны үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын 1 тұлғаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Сотта қаралып, 345 мың теңге айыппұл салынды. Техникалық шарттарды беру мерзімін бұзғаны үшін 1 субъектіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс сотта қаралып, 5 миллион 520 мың теңге айыппұл салынды. Инвестициялық бағдарламаны тиісті түрде орындамағаны үшін 2 субъектіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, қысқартылған іс жүргізу түрінде жалпы сомасы 3 миллион 312 мың теңге айыппұл салынды. Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін заңсыз көрсету дерегі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 1 тұлғаға қатысты 2 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Оған 422 мың теңге айыппұл салынды. Бұл істер қазіргі уақытта сотта қаралып жатыр, – дейді Алмат Абылайханұлы.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, департамент биылғы 11 айда табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 1 нұсқама енгізген. Сонымен қатар, еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес, аталған департамент арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Биылғы 11 айда департамент 17 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның ішінде бір қызметтен бас тартылған. Бүгінде атқарылып жатқан ең маңызды жұмыстың бірі – тұтынушылардың назарына табиғи монополиялар субъектілерінің жасап жатқан жұмыстарының, инвестициялық бағдарламада қарастырылған іс-шаралардың орындалуын, сол жұмыстардың нәтижесін жеткізу. Бұл жұмыстар департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен жыл басынан бері депутаттардың, «Amanat» партиясының, жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және тұтынушылардың қатысуымен ұйымдастырылып жатқан көрінеді.

Сонымен қатар, биылғы 11 айда департаментке 441 жеке және заңды тұлғаның өтініштері келіп түскен. Оның 397-сі жеке тұлғалардан түссе, заңды тұлғалардан 44 өтініш келген. Өтініштердің 10-ы қанағаттандырылып, 337-сіне түсініктеме берілген, ал 40 өтінішті қарау тоқтатылған, 51-і тиісті мемлекеттік органдарға жолданыпты. Департамент басшысы Алмат Абдрайхан барлық өтініштер уақытында қаралатынын айтып, жоғарыда көрсетілген жұмыстармен қоса, әрі қарай табиғи монополия субъектілерінің және тұтынушылардың мүдделерін ескере отырып, тарифтік саясатты жүзеге асыратындарын жеткізді.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support