- Advertisement -

Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқытуға көшуі туралы

41

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсандағы қолайсыз ауа-райы метеожағдайларына байланысты,  ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 бұйрығы,  2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығы және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «ҚАЗГИДРОМЕТ»-тің  11 желтоқсандағы №155 ТЛГ ескертпесіне сәйкес, облыстағы орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға көшіріледі.

Атап айтқанда, өңірде ауа температурасы 25-35 градус өте қатты аязға дейін күрт төмендеуіне байланысты 13 желтоқсанда Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов,

Талас аудандары мектепалды даярлық және 1-11 сынып оқушыларын, Шу ауданы мектепалды даярлық және 1-8 сынып оқушыларын қашықтықтан оқуға жіберді.

Ал, Сарысу және Қордай аудандары бойынша  қашықтықтан оқуға жіберу туралы бұйрықтар жергілікті жерде 13.12.2023 жылы сағат 06:45 дейін қабылданатын болады.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасымен барлық білім беру мекемелерінің жылу желілерінің қалыпты жұмыс істеуін бақылауда ұстау мақсатында тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылуда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support