- Advertisement -

100 ИГІ ІС: Halyk мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы автомобильдерді сыйға береді

13

- Advertisement -

Банктің жүз жылдығына арналған «100 игі іс» науқаны аясында Halyk тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды тасымалдауға арналған арнайы «Инватакси» сыйлады. Гидравликасы бар және креслолары бекітілетін ыңғайлы көтергіш құрылғылармен жабдықталған автомобильдер барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қажетті инфрақұрылым объектілеріне толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңа «Инватакси» Қазақстанның 13 қаласының әкімдіктеріне ұсынылатын болады.

2019 жылғы зерттеуге сәйкес, БҰҰ-ның халық саны бойынша қорынан Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 690 мыңнан астам адам болған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ашық әлеуметтенуге мүмкіндігі болуы үшін Қазақстанда қалалар арасында жүріп-тұруға арналған көлік ұсынатын «Инватакси» қызметі енгізілді. Бұл бастама тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлкен үлес қосады, сондықтан Halyk бүкіл ел бойынша осы қызметтің дамуына өз үлесін қосуды ұйғарды.

Жаңа «Инватакси» Қазақстан бойынша 13 қаланың әкімдіктері жанындағы тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылады:

  • 10 облыс орталығында: Ақтау, Петропавл, Тараз, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Орал және Ақтөбе қ.
  • 3 аймақтық орталықта: Теміртау, Жаңаөзен және Байқоңыр қ.

«100 игі іс» науқаны аясында Halyk тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға ғана емес, сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ), балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының балаларына да көмектеседі. Осылайша, жалпыға бірдей газдандыруды іске асыру барысында банк 2023 жыл бойы ХӘОТ санатына жататын Алматы және Астана азаматтарының 200 үйін магистральдық газға қосуға демеушілік жасады. Сондай- ақ, Halyk балалар үйлері мен мектеп- интернаттарының балалары арасында бүкіл Қазақстан бойынша баскетболдан Халық Лигасы — жаттығуларын іске қосты. Балалар жыл бойы жаттығып, бірігіп, ең бастысы жақсы болашаққа үміт артты.

100 жылдық мерейтойында Halyk «100 игі іс» ауқымды науқанын іске қосты. Оның шеңберінде банк денсаулық, білім, мәдениет және экология салаларындағы қоғамдық маңызы бар жобалар мен қайырымдылық бастамаларды іске асырады. Науқан Қазақстанның барлық өңірлеріне таралады.

2023 жылғы 23 маусымда КНРДА берген №1.2.47/230/38/1 лицензиясы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support