- Advertisement -

Жол жөндеу жұмыстары жалғасады

33

- Advertisement -

Тараз қаласындағы «Бурыл» алабының тұрғындары көптен бері жолдың азабын тартып келді. Үнемі айтатын тілектері де жол мәселесі еді. Бұл алапқа халық қоныстанғалы бері бірде-бір асфальт төселмеген болатын. Биыл Тараздағы жол жөндеу жұмыстарының қарқынымен аталған алап тұрғындарының тілегі орындалып, жол төселуде.

Жоба бойынша асфальт жол жабындысын төсеу жұмыстарында 33,7 шақырым, яғни «Бурыл А,Б,В» тұрғын алабында 75 көше асфальт жабындысын төсеу қарастырылған. Биыл тұрғындар сұранысына орай, қоғамдық көлік жүретін негізгі 5 көшені асфальттау жоспарланған. Сондай-ақ, 13 көшеге асфальт төселді. Құрылысты мердігер «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Қазір құрылыс басында жиырмаға жуық техника, қырықтан аса жұмысшы күн-түн демей жұмыс атқаруда. Мердігер мекеме қызметкерлерінің айтуынша, ауа райы қолайлы болса, қалған көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жалғасады. Ал, күн райы тиісті температурадан төмендейтін болса, жұмыстар тоқтатылады. Дегенмен, келер жылы қалған көшелерге асфальт жабындысын төсеу жоспарланған. Бурылдықтар енді жол азабын тартпайды.

Сонымен қатар, қалада жаяу жүргіншілер жолына да көңіл бөліне бастады. Әсіресе, мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандарға баратын жолдар айрықша назарға алынған. Мәселен, биыл қалада жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 11 жобамен жаяу жүргіншілер жолы салынды. Оның ішінде ұзындығы 8,7 шақырымды құрайтын 9 жоба орташа жөндеу болса, ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 2 жоба қайта жаңғырту жұмыстары. Осылайша, Жүргенов, Братская, Иманалиев, Желтоқсан (Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейін), Сәтпаев, Қосанов, Сәрсенбаев, Саңырық батыр, Шостакович, Жамбыл-Төле би көшелерінің қиылысы, №45 мектеп және №45 балабақша маңы, №7 және 9 шағынаудандардағы мектеп пен балабақшаларға баратын және Б.Момышұлы көшесі, 4-бұрылысының жаяу жүргіншілер жолы жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды, жалғасады.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support