- Advertisement -

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

29

- Advertisement -

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, тоғызыншы сессиясы 2023 жылдың 28 қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

  1. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау туралы;
  2. «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы

14 желтоқсандағы №23-21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы облыстық терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. «Жамбыл облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. «Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы №7-16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. «Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №40-12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. «Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Жамбыл облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасын сайлау туралы.

Депутаттарды тіркеу 2023 жылдың 28 қараша күні сағат 14.30-да басталады.

* * *

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2023 жылдың 28 қарашада сағат 12.00-де өтеді.

Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, тоғызыншы сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.

 

Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support