- Advertisement -

Шекарашылар көмектен шет қалмайды

15

- Advertisement -

ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының клубында әлеуметтік, саяси, экономикалық реформаларды шекара басқармасының жеке құрамына түсіндіру, ақпараттандыру мақсатында Тараз қаласының мәслихат депутаты Әсел Жапарова, тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы, подполковник Данияр Сарымсақов және тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері, майор Алтынбек Манарбекұлының қатысуымен құқықтық ақпараттандыру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Еліміздің шекарасын қалтқысыз күзетіп жүрген азаматтарымыздың басым бөлігі өзге қалалардан келген. Басқосу барысында жеке құрам тарапынан өтініштер мен талап-тілектер тыңдалды. Атап айтсақ, шекарашыларда балаларын жақын маңдағы балабақша мен мектептерге орналасуы жағынан қиындықтар туындап отырғаны жайлы және жұмыс пен үйге қатынауда автобус бағыттарының қысқартылуы да қиындық тудырып отырғаны сөз болды. Оған қоса, аталған мекеме қаладан шеткері орналасқандықтан, қыста жол қардан тазаланбай, мұзға айналып, жол-көлік оқиғалары жиі орын алатыны туралы айтылды. Тараз қаласы мәслихатының 4-сайлау округінің депутаты Әсел Әбілханқызы жиында айтылған мәселелер бойынша қала әкіміне депутаттық сауал жолданатынын жеткізді.

 

Алтынбек МАНАРБЕКҰЛЫ,

Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасы тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері, майор.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support